Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы әкімдігінің 23.02.2024 № 12/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ұлытау облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Ұлытау облысының әкімдігінің 2023 жылдың 15 наурыздағы №14/02 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппарататының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Б. Әбдіғалиұлы |
Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 54/01 Қаулысына қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі | Тәрбиеленушілер саны | Айына бір балаға (1-3 жас) тамақтану үшін ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | Айына бір балаға (3-5 жас) тамақтану үшін ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) |
Жезқазған қаласы | ||||
1 | Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) | 2895 | 17000 | 19000 |
2 | Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар) | 264 | 17000 | 19000 |
Сәтбаев қаласы | ||||
1 | Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) | 2845 | 17000 | 19000 |
2 | Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар) | 0 | 0 | 0 |
Қаражал қаласы | ||||
1 | Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) | 698 | 11000 | 12000 |
2 | Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар) | 0 | 0 | 0 |
Жаңаарқа ауданы | ||||
1 | Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) | 560 | 15000 | 17000 |
2 | Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар) | 275 | 15000 | 17000 |
Ұлытау ауданы | ||||
1 | Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) | 317 | 12000 | 13000 |
2 | Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар) | 18 | 12000 | 13000 |