Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 387 "Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 29 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 маусымда № 30-20 болып тіркелді

      Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 387 "Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5323 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Облыстық бюджеттің есебінен қаржыландырылатын, Сәтбаев қаласында ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру билетінің толық құнының елу пайызы мөлшерінде (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда) жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы К. Балмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады