Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының "Жаңаарқа ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін бекіту туралы" 2021 жылғы 18 ақпандағы №2/16 (Hормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6211 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2 тармақ алып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы | Ю. Беккожин |
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 тамыздағы № 5/24 шешіміне қосымша |
|
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2021 жылғы 18 ақпандағы №2/16 шешіміне 2 қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
№ | Атауы |
1. | Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар; |
2. | Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; |
3. | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар; |
4. | Толық емес отбасылар; |
5. | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының қажетті мамандары және өзге де салалардағы мамандар |