Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68 бабының 2), 3), 9), 11) тармақшаларына, "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Қіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 04.05.2022 № 23/163 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесі 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Алып тасталды - Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 15.08.2023 № 5/24 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Рахманкулова |
Жаңаарқа аудандық мәслихат хатшысы | К. Имантусупов |
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2021 жылғы 18 ақпандағы № 2/16 шешіміне 1 қосымша |
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 04.05.2022 № 23/163 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2021 жылғы 18 ақпандағы №2/16 шешіміне 2 қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 15.08.2023 № 5/24 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Атауы |
1. | Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар; |
2. | Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; |
3. | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар; |
4. | Толық емес отбасылар; |
5. | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының қажетті мамандары және өзге де салалардағы мамандар |