Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 12.02.2024 № 16-95 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №184104 болып тіркелген), Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қаласы бойынша туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 0,5 (нөл бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
2. Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 2-11 "Талдықорған қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №180906 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы | Т. Ахажан |