Талдықорған қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 2-11 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 2 мамырда № 17-19 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14-84 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 27.12.2023 № 14-84 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 4, 5-тармақтарына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарна 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 5 (бес) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Т. Ахажан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады