Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының "Ақсу ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" 2018 жылғы 20 маусымдағы № 29-143 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 123684 болып тіркелген) шешімі;
2) Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының "Ақсу ауданының Арасан, Барлыбек Сырттанов, Егінсу, Жаңалық, Көшкентал, Қаракөз, Қарасу, Молалы, Ойтоған,округтерінің жергілікті және Суықсай ауылдық округтерінің қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" 2020 жылғы 20 қазандағы № 67-298 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 148086 болып тіркелген) шешімі.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Сулейменов |