Ескелді ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 5-19 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 2 маусымда № 35-19 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 қарашадағы № 13-46 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 07.11.2023 № 13-46 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда– болу құнының 1 (бір) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескелді аудандық мәслихатының төрағасы К. Сатанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады