Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 37-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1)Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы "Сарыбұлақ ауылдық округінің Қазынсу ауылындағы атауы жоқ көшесіне атау беру туралы" №20 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31348 болып тіркелген);
2)Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы "Сарыбұлақ ауылдық округінің Шилісу ауылындағы атауы жоқ көшесіне атау беру туралы" №21 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31560 болып тіркелген);
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі | Е. Жармұхамбетұлы |