Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 19 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 13 қазанда № 72-19 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 37-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1)Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы "Сарыбұлақ ауылдық округінің Қазынсу ауылындағы атауы жоқ көшесіне атау беру туралы" №20 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31348 болып тіркелген);

      2)Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы "Сарыбұлақ ауылдық округінің Шилісу ауылындағы атауы жоқ көшесіне атау беру туралы" №21 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31560 болып тіркелген);

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі Е. Жармұхамбетұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады