Сарыбұлақ ауылдық округінің Шилісу ауылындағы атауы жоқ көшесіне атау беру туралы

Күшін жойған

Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 21 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылы 4 қаңтарда № 31560 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің 12.10.2023 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шилісу ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Сарыбұлақ ауылдық округінің Шилісу ауылының атауы жоқ көшесіне Әлихан Бөкейхан атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аким Сарыбулакского сельского округа Е. Жармұхамбетұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады