Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің 12.10.2023 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қазынсу ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Сарыбұлақ ауылдық округінің Қазынсу ауылының атауы жоқ көшесіне Мұстафа Шоқай атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аким Сарыбулакского сельского округа | Е. Жармұхамбетұлы |