Күндізгі оқу нысанындағы оқушыларға қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 236/2 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 сәуірде № 6377-09 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына, 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Шахтинск қалалық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Шахтинск өңірінің білім беру ұйымдары оқушыларының мынадай санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тариф құнынан 100% жеңілдікпен жол жүру ұсынылсын:

      1) 15 жасқа дейінгі және 15 жастан асқан өңірдің жақын маңдағы елді мекендерінде тұратын жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының, интернаттардың оқушылары (әр аптаның демалыс және демалыс күндерін қоспағанда);

      2) техникалық және кәсіптік білім беру оқушыларына – жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен шамасынан төмен балаларға көрсетіледі, өңірдің жақын маңдағы елді мекендерінде тұратын жасына қарай күндізгі оқу нысанындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға 15 жастан асқан (әр аптаның демалыс және демалыс күндерін қоспағанда).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы Ж. Мамерханова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады