Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентіндегі көшені қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінің әкімінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 1-5/3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 9 маусымда № 6426-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссияның 2022 жылғы 19 қазандағы қорытындысы негізінде, Қарағайлы кентінің тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентіндегі Ленин көшесі Әлихан Бөкейхан көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағайлы кентінің әкімі М. Акимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады