"Сайлау алдындағы барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 2909 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 1747 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 ақпанда № 8365-11 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сайлау алдындағы барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 2909 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4895 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласының әкімі А. Шаменов
      "КЕЛIСIЛДI"
Қызылорда қалалық
сайлау комиссиясы

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 7 ақпандағы
№ 1747 қаулысына қосымша
  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 2909 қаулысына қосымша

Барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елдi мекеннiң атауы

Орналасқан жерi

1

Қызылорда қаласы

Қорқыт Ата көшесі, "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының № 2 оқу ғимаратына қарама-қарсы

2

Қызылорда қаласы

Асқар Тоқмағамбетов көшесі, "Қызылорда" қонақ үйі ғимаратына қарама-қарсы

3

Қызылорда қаласы

Еркiн Әуелбеков көшесi, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі" филиалы ғимаратына қарама-қарсы

4

Қызылорда қаласы

Әлихан Бөкейхан көшесі, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы

5

Қызылорда қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, "Промстройсервис Е" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының оң жағында

6

Қызылорда қаласы

Төле би көшесі, "Алтын Орда" құрылыс-материалдар дүкенінің сол жағында

7

Қызылорда қаласы

Қожа Ахмет Яссауи көшесі, "Келменбет батыр" ескерткішіне қарама-қарсы

8

Қызылорда қаласы

Иван Журба көшесi, "Сырдария" сауда орталығына қарама-қарсы

9

Қызылорда қаласы

Иса Тоқтыбаев көшесі, "Қорқыт ата" сауда орталығының сол жағында

10

Қызылорда қаласы

Сағадат Нұрмағамбетов көшесi, Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "Әбу Құдабаев атындағы № 197 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы

11

Қызылорда қаласы

Жетікөл көшесі, № 29 тұрғын үйдің сол жағында

12

Қызылорда қаласы

Айтмұрат Шәменов көшесі, "Нұр Ару" дүкенінің оң жағында

13

Қызылорда қаласы

Текей батыр көшесі, "Veranda Street" жылдам тамақтану желісінің оң жағында

14

Қызылорда қаласы

Жаппасбай батыр көшесі, № 7 тұрғын үйге қарама-қарсы

15

Қызылорда қаласы

Ғафур Мұхамеджанов көшесі, "Рухани жаңғыру" орталығының оң жағында

16

Қызылорда қаласы

"Бәйтерек" тұрғын ауданындағы № 43 көшесі, су насосына қарама-қарсы

17

Қызылорда қаласы

Есен Демесінов көшесі, № 30 тұрғын үйдің сол жағында

18

Қызылорда қаласы

Бейбітшілік көшесі, "Gas Energy" жанар-жағармай бекетіне қарама-қарсы

19

Қызылорда қаласы

Алтыбай Сағымбаев көшесі, "Мәриам ана" дүкеніне қарама-қарсы

20

Қызылорда қаласы

Сұлтан Бейбарыс көшесi, "Жалаңтөс Баһадүр" ескерткішіне қарама-қарсы

21

Қызылорда қаласы

Сұлтан Бейбарыс көшесі, "Береке" құрылыс-материалдар дүкеніне қарама-қарсы

22

Тасбөгет кентi

Шахмардан Есенов көшесi, Тасбөгет кенті әкімі аппаратының "Сәбира Майқанова атындағы мәдениет Үйi" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

23

Тасбөгет кентi

Мұстафа Шоқай көшесі, Орталық алаңның сол жағында

24

Белкөл кентi

Бірлік көшесі, Орталық алаңның оң жағында

25

Қызылжарма ауылдық округiнiң Қызылжарма ауылы

Қалмақ Сексенбаев көшесі, Орталық алаңның оң жағында

26

Қызылөзек ауылдық округiнiң Айнакөл ауылы

Айнакөл № 1 көшесі, Орталық алаңның оң жағында

27

Ақсуат ауылдық округiнiң Жақыпбек Махамбетов ауылы

Адран Найзағараев көшесі, Орталық алаңның оң жағында

28

Ақжарма ауылдық округiнiң Баймұрат батыр ауылы

Насреддин Тасымов көшесі, Орталық алаңның оң жағында

29

Қарауылтөбе ауылдық округiнiң Қарауылтөбе ауылы

Абай Құнанбаев көшесі, Орталық алаңның сол жағында

30

Талсуат ауылдық округiнiң Талсуат ауылы

Абай Құнанбаев көшесі, Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 178 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы

31

Қосшыңырау ауылдық округiнiң Абай ауылы

Жақыпбек Махамбетов көшесі, Орталық алаңның оң жағында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады