"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. ""Қазалы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 181 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6273 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы | Ғ. ӘЛІШ |