Жаңақорған кентінің көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті әкімінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 626 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 7 сәуірде № 8383-11 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жаңақорған кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 тамыздағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Жаңақорған кентінің көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      "Саяжай" шағын ауданындағы атауы жоқ көшесіне Әуезбек Қалдыбеков көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Ибрагим Әшірбаев көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Сейітхан Сыздықов көшесі;

      "Жаңауыл" аумағындағы атауы жоқ көшесіне Бегман Абжалелов көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Арыстанбек Қауғанбаев көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Пазылбек Сахиев көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Яхия Тұрапұлы көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Қалжігіт Өрғараев көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Шалабай Малимов көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Әмзе Тәжімбетов көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Бибігүл Мәтенова көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Жәмила Омарова көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Өскенбай Битабаров көшесі.

      2. Жаңақорған кентінің келесі көшелері:

      Ипподром-20 көшесін Батырбек Бердібаев көшесіне;

      Әлімкөл № 1 көшесін Асан Ахметов көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған кентінің әкімі А. Ибрагимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады