Тереңөзек кентінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 86 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 маусымда № 8422-11 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Тереңөзек кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 12 қазандағы № 2 және 2018 жылғы 7 ақпандағы № 1 қорытындылары негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Тереңөзек кентінің көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      атауы жоқ көшесіне Мұса Сексенбаев көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Мырқайдар Мәмбетов көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Есімке Алдамжаров көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Сейітмұрат Ембергенов көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Қойшыбай Оспанов көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Сұлтан Қожаниязов көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Ибадулла Байдәулетов көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Төлеген Әбілдаұлы көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Алпысбай Оразбеков көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Еріш Тұрсынбаев көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тереңөзек кенті әкімінің міндетін атқарушы Ғ. Нұртазаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады