Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы" бірлескен Сырдария ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 180 қаулысына және Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 234 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4682 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің шекарасын (шегін) белгiлеу және өзгерту туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің шекарасы (шегі) белгіленсін және өзгертілсін.";
көрсетілген бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сырдария ауданының әкімі | Б. Сарменбаев |
Сырдария аудандық мәслихат төрағасы | Е. Әжікенов |
Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің шекарасы (шегі)
№ | Елді мекен-нің атауы | Жал-пы көл-емі (-) | Оның ішінде (гектар): | |||||||||
ауыл шаруа-шыл-ығы алқап-тары | Оның ішінде (гектар): | орма-нды алқа-птар | ка-нал асты жер-лер | алаң-дар мен аула-лар-дың, көше-лер, жол асты жер-лер | құ-ры-лыс асты жер-лер | басқа алқа-птар | ||||||
егістік | тыңайған жер | жайылымдар | бақша | |||||||||
1 | Тереңөзек кенті | 2527,6 | 1386,92 | - | 250,0 | 1136,92 | - | 359,0 | 16,5 | 89,0 | 33,09 | 643,09 |