Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 70 "Облыстық коммуналдық меншікке жататын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемдерін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс еңгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 ақпандағы № 8 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 ақпанда № 4541-12 болып тіркелді

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 70 "Облыстық коммуналдық меншікке жататын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемдерін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4201 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      1 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Облыстық коммуналдық меншіктегі акцияларының 100 (жүз) пайыз мемлекеттік пакетімен (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) мөлшері шоғырландырылған жылдық қаржылық есептiлiкте, ал еншiлес ұйымы (еншілес ұйымдар) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептiлiкте көрсетілген таза кіріс сомасының кемінде 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде белгіленсін.".

      2. "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады