Ақтау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 1073 "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 11-07/701 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 сәуірде № 4549-12 болып тіркелді

      Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы №1073 "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3891 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 2 қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтау қаласының әкімі Е. Ізбергенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақтау қалалық аумақтық

      сайлау комиссиясы

  Ақтау қаласының әкімдігі
  2023 жылғы 25 сәуірдегі
  № 11-07/701
  қаулысына қосымша
  Ақтау қаласы әкімдігінің
  2019 жылғы 20 мамырдағы
  №1073 қаулысына 2 қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Ақтау қаласы

2 шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының "Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында

3 шағын аудан, №145 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

3А шағын аудан, №12 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

3 шағын аудан, №10 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

4 шағын аудан, №7 үйдің алдындағы аялдаманың оң жағында

5 шағын аудан, Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының оң жағында

6 шағын аудан, №19 үйдің артындағы аялдаманың сол жағында

6 шағын аудан, №36 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

7 шағын аудан, №12 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

8 шағын аудан, Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драмалық театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында

8 шағын аудан, №20 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

9 шағын аудан, №39 ғимараттың алдындағы аялдаманың сол жағында

11 шағын аудан, №23 үйдің алдындағы аялдаманың сол жағында

11 шағын аудан, №38 үйдің алдындағы аялдаманың оң жағында

12 шағын аудан, №83 ғимараттың сол жағында

12А шағын аудан, "Мечта" сауда үйінің алдында

13 шағын аудан, №42 Б үйдің алдындағы аялдаманың оң жағында

15 шағын аудан, №35 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

16 шағын аудан, №42 үйдің алдындағы аялдаманың сол жағында

17 шағын аудан, №104 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

19 шағын аудан, №43 үйдің артындағы аялдаманың сол жағында

26 шағын аудан, "Достық" сауда орталығының алдында

27 шағын аудан, №25 үйдің артындағы аялдаманың сол жағында

28 шағын аудан, №47 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

29 шағын аудан №24 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

30 шағын аудан, №169 үй алдындағы аялдаманың сол жағында

31А шағын аудан, №14 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

32А шағын аудан, №9 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

32В шағын аудан, №8 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

34 шағын аудан, №1 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

Өмірзақ ауылы

Өмірзақ ауылы, №59 ғимараттың алдында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады