Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімінің 2023 жылғы 7 қарашадағы № 15 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 қарашада № 4634-12 болып тіркелді

      Жаңаөзен қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы №1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3774 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімге 1 қосымшаға сәйкес Жаңаөзен қаласы және Теңге, Қызылсай, Рахат, Кендірлі ауылдары бойынша сайлау учаскелері құрылсын.";

      көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қаласының әкімі А. Косуаков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жаңаөзен қалалық

      сайлау комиссиясы

  Жаңаөзен қаласы әкімінің
  2023 жылғы 7 қарашадағы
  № 15 шешіміне қосымша
  Жаңаөзен қаласы әкімінің
  2019 жылғы 10 қаңтардағы
  № 1 шешіміне қосымша

Жаңаөзен қаласы және Теңге, Қызылсай, Рахат, Кендірлі ауылдары бойынша сайлау учаскелері

№ 71 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Теңге ауылы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№11 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Теңге ауылындағы Мұса Төлеуұлы, Нұрғиса Тілендиев, Нұркен Әбдіров, Төле би, Әнес Айтниязов, Жұмекен Нажимеденов, Жайберген Бейнеубаев, Төлеген Тоқтаров, Төлеген Айбергенов, Мұқан Төлебаев, Ғани Мұратбаев, Мәлік Ғабдуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ілияс Есенберлин, Ахмет Жұбанов, Меңдекеш Сатыбалдиев, Ер Шабай, Қазақстан көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 72 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Теңге ауылы, "Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Ата мұра" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Теңге ауылындағы Сәттіғұл, Құлшар күйші, Бейбітшілік, Қылыш Нәдірбаев, Әліби Жангелдин, Фетисов, Балуанияз, Тобанияз, Ер Қармыс, Түмен Балтабасұлы, Аралбай Оңғарбекұлы, Дина Нұрпеисова, Жалау Мыңбаев, Абыл Өтембетұлы, Нұрым Жырау Шыршығұлұлы көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 73 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Теңге ауылы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№14 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Теңге ауылындағы Ботакөз, Тамшалы, Мұрын жырау, Жеңіс, Достық Даңғылы, Мұрат Өскінбаев, Мәди Бегенов, Досан Тәжиев, Қайып Қорабайұлы, Ақтан Керейұлы, Сүгір Бегендікұлы, Сүйінғара Үргешбайұлы көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 74 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Теңге ауылы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№17 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Теңге ауылындағы Шәкен Айманов, Күляш Байсеитова, Чаден Рахманұлы, Отарбай Иманғазыұлы, Нұржаубай Тәженов, Жұбантұр Құлжанов, Әбіш Қожа, Өтебай Наятұлы, Бақытжан Бисенғалиев, Желтоқсан, Қалнияз ақын, Рақымжан Қошқарбаев, Бейнеубай Құлшарұлы, Исатай Сүйеубайұлы, Ақбөбек көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 75 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Арай" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№5 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Ақбұлақ" шағын ауданындағы Төреғали Қадыров көшелеріндегі барлық үйлер және №55А, 55/3 үйлер; Михайл Кулебякин, Тұтқабай Әшімбаев көшелеріндегі барлық үйлер; Тасемен Алдашев көшесіндегі барлық үйлер; "Мамыр" шағын ауданындағы Ноқат Дербисов, Есенғали Бөкенбаев, Жаманқара Иса, Абыз Тілеген, Халел Өзбекқалиев, Ер Төлеп көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 76 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Арай" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "Абай Құнанбаев атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Өркен" шағын ауданының №№ 59, 64/1, 64/2, 66, 67, 68, 69, 70, 71 үйлері; "Ақбұлақ" шағын ауданындағы Азаттық, Құлбарақ батыр, Бозашы, Нұрберген Тілеубергенов, Төлеп Жаңаев көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 77 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Арай" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№24 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Арай" шағын ауданындағы Ғұбайдулла Айдаров, Ғарифолла Құрманғалиев, Біләл Қалиев, Жұмағали Қалдығараев, Отырар, Ибаш Жанболатова, Жібек Жолы, Шотан батыр, Нұрмұхан Жантөрин көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 78 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Өзен" стансасы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№13 Дарын мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Қашаған көшесіндегі барлық үйлер; "Астана" шағын ауданындағы Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Николай Иванович Андрусов, Шәкәрім, Жетіқайқы көшелеріндегі барлық үйлер; "Бәйтерек" шағын ауданындағы Бұхар жырау, Қазыбек би, Әйтеке би, Қабидолла Сыдықов, Амангали Орынбаев, Саламат Шалабаев көшелеріндегі барлық үйлер; "Өзен" стансасы жанында орналасқан барлық үйлер.

№ 79 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Көктем" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының "Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: "Көктем" шағын ауданындағы №№ 3, 4, 5А, 5Б, 6, 6А, 7, 12, 13, 14, 15 үйлер; Бейбітшілік көшесіндегі №№ 16, 17, 17А, 18, 18А, 19, 21 үйлер; Өтелбек Махмұтов көшесіндегі барлық үйлер; "Астана" шағын ауданындағы Кемер Оңғалбаев, Қара Жүсіп, Әнес Бүркітбаев, Сағидолла Нұржанов, Ақтау, №4а көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 80 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Көктем" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: "Көктем" шағын ауданындағы №№ 1, 1А, 2, 10, 11, 18, 19, 20, 21 үйлер.

№ 81 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Көктем" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№7 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Көктем" шағын ауданындағы №№ 22, 23, 23Д, 24, 25, 25А, 26, 27, 32, 33, 50, 51 үйлер.

№ 82 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Көктем" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 16 бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Көктем" шағын ауданындағы №№ 28, 28а, 29, 29а, 30, 30а, 31, 31а, 39, 40, 41, 46, 47, 48, 49, 52, 53, 54 үйлер; Жұмаханбет Қайыров көшесіндегі барлық үйлер.

№ 83 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Көктем" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Көктем" шағын ауданындағы №№ 55, 56, 57, 58 үйлер; "Өркен" шағын ауданындағы №№ 63, 73, 74, 75 үйлер.

№ 84 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А құрылысы, "Неке сарайы" ғимараты.

      Шекарасы: "Өркен" шағын ауданындағы №№ 28, 31, 34, 43, 44, 45, 54, 56, 57, 58, 61, 62 үйлер.

№ 85 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Өркен" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№10 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Өркен" шағын ауданындағы №№ 18, 19, 20, 21, 22, 24, 25, үйлер; "Арай" шағын ауданындағы №16, Нұрсұлу Қайрова, Құсайын Шалабаев, Мектепбай Айтмамбетов, Диас Жұмашев көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 86 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Бостандық" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№20 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Мұнайбаза ғимараты жанында орналасқан барлық үйлер; "Мұнайлы" шағын ауданының барлық үйлері; "Шаңырақ" шағын ауданының Губкин көшесіндегі үйлер; "Шаңырақ" шағын ауданының Абай көшесіндегі № 1-7 аралығында орналасқан үйлер; Мұнайшы көшесіндегі № 1-17 аралығында орналасқан үйлер; "Мұнайлы" шағын ауданындағы Меңдулла Губайдуллин, Қалидолла Нұрғалиев, Орынбай Бердығожин, Дмитрий Клинчев, Мейрамғали Бисекенов, Бегеніш Әбілханов, Бітім Қыдырбаев, Дүйсенбай Бисекенов, Қонай батыр, №9а, Сағынтай Ысқақов, Сәтібай Қылышбаев, Қуанғали Сарбөпеев көшелеріндегі барлық үйлер; "Бостандық" шағын ауданындағы Ғарифолла Қайсағалиев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Ишақат Қыдырғалиев, Ізберген Құрбанбаев, Шегем Көбен би, Бәйдеш Нұрбаев, Шернияз Махамбетов, Амандық Ділмағанбетов, Күйші Қоңыр, Ақпан батыр, Саламат Мұқашев, Асау Барақ, Сәлім Салахиев, Шығыс Қожаев, Фани Қатпашев, Қыдырша Ата, Орынғали Нұрмағанбетов, Атақозы Айтқұлұлы, Тәнім Байдалиева көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 87 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Самал" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№6 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Самал" шағын ауданындағы №№ 1/2, 3, 4, 5, 6, 7, 10, 12, 13, 16, 17, 18, 23, 38, 39, 40, 41, 42/1, 42/2 үйлер.

№ 88 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Самал" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 16 бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Самал" шағын ауданындағы №№ 8, 9, 25, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37 үйлер; "Өркен" шағын ауданындағы № 1 үй.

№ 89 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "3А" шағын ауданы, "Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Өнер" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: "3А" шағын ауданындағы №№ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 үйлер; "Самал" шағын ауданындағы №№ 11, 14, 15, 19, 20, 21, 22, 24, 26, 27 үйлер.

№ 90 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Шаңырақ" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "Төлесін Әлиев атындағы №1 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Шаңырақ" шағын ауданындағы №№ 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 35, 36, 37, 38, 43, 44/1, 46/1, 46/2 үйлер.

№ 91 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Шаңырақ" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№3 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Шаңырақ" шағын ауданындағы №№ 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 11, 12, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 50, 51, 53, 54, 55, 56 үйлер; Достық, Бейбітшілік, Құрбанов, Оразақов, Рахмет Өтесинов көшелеріндегі барлық үйлер; "Шаңырақ" шағын ауданының Абай көшесіндегі №№ 7-61 аралығында орналасқан үйлер; Мұнайшылар көшесіндегі №№ 18-44 аралығында орналасқан барлық үйлер.

№ 92 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Шұғыла" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№12 бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Шұғыла" шағын ауданындағы №№ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8/9, 10, 11, 12, 13, 14/15, 16/17 үйлер.

№ 93 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Шұғыла" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      Шекарасы: "Шұғыла" шағын ауданындағы №№ 21А, 21Б, 23А, 23Б, 24А, 25, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35 үйлер.

№ 94 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Шұғыла" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№2 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Шұғыла" шағын ауданындағы №№ 18/19, 20, 21, 22, 23, 24/26, 36, 37, 38, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55 үйлер.

№ 95 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Рауан" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№22 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Рауан" шағын ауданында орналасқан барлық үйлер; "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі; "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "51809 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

№ 96 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Қызылсай ауылы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "Сүгір Бегендікұлы атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Қызылсай ауылындағы Оңтүстік ауылы, Бұрғышы, Құрманғазы, Жеңіске 40 жыл, Қазақстан, Жамбыл Жабаев, Қаныш Сатбаев, Бейбітшілік, Махамбет Өтемісұлы, Мұрат Өскімбаев, Тұрар Рысқұлов, Ғани Мұратбаев, Исатай Тайманов, 17 көше, Шара Жиенқұлова, Балабақша, Жаңақұрылыс, Алуаш Дүйсенбаев, Жұмаберген Қаспаев, Қадырбай Аманиязов, Сүгір, Арай көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 97 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Көктем" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жаңаөзен қалалық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Рахат ауылының "Ақсу" шағын ауданында орналасқан Нұрғиса Тілендиев, Омар Бисалиев, Бөкен би, №3 көшелеріндегі барлық үйлер; Рахат ауылының "Рахат" шағын ауданындағы Саяжай, Балауса, Гүлдер, Гүлмайса көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 98 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Көктем" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жаңаөзен қалалық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Рахат ауылының "Рахат" шағын ауданындағы Өтеп Балғымбаев көшесінің барлық үйлері; Бәйшешек, Жемісті, Лалагүл, Алмалы көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 99 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Рахат ауылындағы "Ақсу" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№15 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Рахат ауылының "Рахат" шағын ауданындағы Көкорай, Самал, Сандуғаш, Қызғалдақ көшелеріндегі барлық үйлер; Түлкібай Айдаров көшесіндегі үйлер; Рахат ауылының "Ақсу" шағын ауданындағы Алексей Павлович Еремин, Маршал Абдыхалықов көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 100 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Рахат ауылындағы "Ақсу" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№15 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Рахат ауылының "Ақсу" шағын ауданындағы Өтепқали Тәжіғалиев, Әбілхайыр хан, Жарылғасын Дәуітов, Мұрат Қайырлиев, Төлеген Қағазов, Ерменбет би көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 101 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Рахат ауылындағы "Ақсу" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 18 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Рахат ауылының "Ақсу" шағын ауданындағы Ақкетік, Қызылқұм, Мұхтар Әуезов, Смағұл Сейтқазиев, Еділхан Таймасов көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 102 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Рахат ауылындағы "Ақсу" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 18 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Рахат ауылының "Ақсу" шағын ауданындағы Басығара Тұрниязұлы, Сауысқан, Бауыржан Момышұлы, Маната көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 103 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Рахат ауылындағы "Ақсу" шағын ауданының №9В көшесі, "Жаңаөзен политехникалық колледжі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Шекарасы: Рахат ауылының "Ақсу" шағын ауданындағы Жосалы, Үстірт, Жеңіс, Мәтжан би, Шоғыр Бөлтекұлы көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 104 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Кендірлі ауылындағы "Жұлдыз" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№21 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Кендірлі ауылындағы "Жұлдыз" шағын ауданының Жыңғылды көшесіндегі №№ 1-100 аралығында орналасқан үйлер, Көкесем көшесіндегі №№1 - 100 аралығында орналасқан үйлер, Нұрберген Қарабашев көшесіндегі №№ 1 - 100 аралығында орналасқан үйлер, Саура көшесіндегі №№1 - 100 аралығында орналасқан үйлер, Қараған Босаға көшесіндегі №№1 - 100 аралығында орналасқан үйлер, Исан Түбек көшесіндегі №№1 - 100 аралығында орналасқан үйлер, Шерқала көшесіндегі №№1 - 100 аралығында орналасқан үйлер және №№102, 104, 106, 108, 110, 112, 114, 116, 118, 120 үйлер, Отпан көшесіндегі №№1 - 120 аралығында орналасқан үйлер.

№ 105 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Рахат ауылындағы "Мерей" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№9 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Рахат ауылының "Мерей" шағын ауданындағы Шоғы батыр, Өмірзақ Нұрбаев, Қиту Бекжанов, Аль-Фараби, Дінмұханбет Қонаев, Жайлаубай Тлеуов, Н.Тілеубергенова, Баласұғын Жүсіп, Қорқыт ата, Мұстафа Өзітүрік, Сәнжан Боранбаев, 45, 46, 47, 48, 49 көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 106 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Кендірлі ауылындағы "Жұлдыз" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№23 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Кендірлі ауылындағы "Жұлдыз" шағын ауданының Жыңғылды көшесіндегі №№101 - 360 аралығында орналасқан үйлер, Көкесем көшесіндегі №№101 - 360 аралығында орналасқан үйлер, Нұрберген Қарабашев көшесіндегі №№101 - 360 аралығында орналасқан үйлер, Саура көшесіндегі №№101 - 359 аралығында орналасқан үйлер, Қараған Босаға көшесіндегі №№101 - 339 аралығында орналасқан үйлер, Исан Түбек көшесіндегі №№101 - 319 аралығында орналасқан үйлер, Шерқала көшесіндегі №№ 101, 103, 105, 107, 109, 111, 113, 115, 117, 119 үйлер және №№121 - 320 аралығында орналасқан үйлер, Отпан көшесіндегі №№121 - 319 аралығында орналасқан үйлер.

№ 107 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Қызылсай ауылы, "Қызылсай ауылы әкімі аппаратының "Ұзақбай Жырау Қазжанұлы" атындағы жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Қызылсай ауылындағы Жоғарғы ауыл, Абай, Тынымбай Опиев, Қуат Серікбаев, Шам Қожбанов, Оңдасын Отаралиев, Бақтыбай Борсанов, Бисалы Бабаханов, Қарабалин Қараушан, Бәйімбет Қойлыбаев, Оразғали Оңғарбаев, Жексенбай Исаев, Жылгелді Теңізбайұлы, Досат Мұстафаұлы, Майлан Шолтаманұлы, Тастемір Шыршығұлұлы, Әділ Өтеғұлұлы көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 108 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Рахат ауылындағы "Мерей" шағын ауданы, "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№9 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Рахат ауылының "Мерей" шағын ауданындағы 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78 көшелеріндегі барлық үйлер.

№ 109 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Кендірлі ауылындағы "Жұлдыз" шағын ауданы, Кендірлі ауылы әкімі аппаратының "Кендірлі ауылдық мәдениет үйі" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Кендірлі ауылының "Жұлдыз" шағын ауданындағы Даулеткерей, Бейбарыс Сұлтан, Ер Бегей, Есір Айшуақұлы, Жалғас Айтенов көшелеріндегі барлық үйлер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады