Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бейнеу ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" Бейнеу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 188 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4263 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1- қосымшада:
реттік нөмірі 1 жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
1 | Бейнеу ауылының Қ. Сәтпаев пен Қарағайлы көшелерінің қиылысында (Қарағайлы көшесінің № 69 А тұрғын үйге қарама қарсы) |
600 |
5 | ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ | Ауыл шаруашылығы өнімі |
автодүкен; автомат; дүңгiршек; |
".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауданының әкімі | Б. Абилов |