Бейнеу ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 5 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 3 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 қыркүйекте № 4602-12 болып тіркелді

      Бейнеу ауданының әкімі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Бейнеу ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3772 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      қосымшада:

      № 113 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 113 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының "Бейнеу гуманитарлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Б.Майлин атындағы көшесінің №1-80 үйлері, Қ.Сәтбаев атындағы көшесінің №1-86А үйлері, Т.Рысқұлов атындағы көшесінің №1-80 үйлері, Д.Нұрпейісова атындағы, Айназар ата атындағы, С.Датұлы атындағы, Ш.Құдайбердіұлы атындағы, М.Жұмабаев атындағы көшелердің үйлері.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Р. Шалбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бейнеу аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады