Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 381 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 18 қыркүйекте № 10057 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3666 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесінде:

      реттік нөмірлері 500, 501, 876, 877, 883 - жолдар алынып тасталсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады