Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Лисаков қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 86 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-179 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласының әкімі | А. Ибраев |
КЕЛІСІЛДІ
Лисаков қалалық
сайлау комиссиясы
Лисаков | |
қаласының әкімдігі | |
2023 жылғы 15 ақпандағы | |
№ 35 қаулысына | |
қосымша | |
Әкімдіктің | |
2011 жылғы 16 ақпандағы | |
№ 86 қаулысына | |
қосымша |