Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 1 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы"

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 3 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 сәуірде № 9945 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 1 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8454 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Дабылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады