Мәслихаттың 2020 жылғы 28 тамыздағы № 531 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 16 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 10 мамырда № 10002 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2023 жылғы 29 қарашадағы № 64 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 29.11.2023 № 64 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2020 жылғы 28 тамыздағы № 531 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9424 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек деп жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін:

      1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Демократиялық Ауғанстан Республикасынан шығару күні - 15 ақпан,

      2) Жеңiс күнi - 9 мамыр мереке күндерi болып табылады.";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттарына мереке күніне көрсетіледі:".

      7-тармақ 9) тармақшасымен толықтырылсын:

      "9) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні - 15 ақпан.

      жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге, 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне, 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне, 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер, 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде алған жарақаты, контузиясы, жарақаты, әскери қызметтің басқа да міндеттерін орындауы немесе соғыс қимылдары жүргізілген Ауғанстандағы әскери қызмет кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі белгіленген әскери қызметшілерге, 50 000 (елу мың) теңге сомасында;

      Ауғанстандағы ұрыс қызмет кезінде алған жарақаты, контузиясы, жарақаты, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (жоғалған) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына, 50 000 (елу мың) теңге сомасында;

      1979 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 1989 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде Ауғанстанға және соғыс қимылдары жүргізілген басқа елдерге жұмысқа жіберілген жұмысшылары мен қызметкерлеріне 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      уақытша Ауғанстан аймағында болған және кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамына кірмеген, бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жұмысшылары мен қызметшiлеріне, 50 000 (елу мың) теңге сомасында.".

      12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 15 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қарабалық аудандық мәслихатының төрайымы Г. Балбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады