Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 10.04.2024 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5247 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс еңгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) бұйрығымен айқындалған тәртіппен есептейді."
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Федоров аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Исенгазин |