Павлодар қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 14/2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 мамырда № 7336 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" № 787 қаулысына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарна мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда - болу құнының 5 (бес) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      К. Кожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады