Успен ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 166/27 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 23 қантарда № 7303 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 67/11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 30.11.2023 № 67/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы" № 787 қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаның мөлшерлемелерін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Бараисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады