Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6 бабы 3 тармағының 7-5) тармақшасына және 62 бабының 6-3 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласының 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Алматы қаласы Білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Алматы қаласының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 16 маусымдағы № 2/348 Қаулысына қосымша |
2023 жылға арналған Алматы қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларды
арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға белгіленген мемлекеттік
білім беру тапсырысы
Мамандар |
Жеке сабақтар |
Кіші топтық сабақтар |
Топтық сабақтар |
Психолог | 7216 | 2548 | 1214 |
Логопед | 7619 | 2682 | 1272 |
Дефектолог | 7755 | 2728 | 1291 |
Тифлопедагог | 7729 | 2719 | 1288 |
Олигофренопедагог | 7917 | 2782 | 1314 |
Сурдопедагог | 7593 | 2674 | 1268 |
ЕДШ нұсқаушысы | 7212 | 2593 | 1273 |