Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5621 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы | В. Бубенко |
Солтүстік Қазақстан | |
облыстық мәслихатының | |
2023 жылғы 30 маусымдағы | |
№ 4/10 шешіміне қосымша | |
Солтүстік Қазақстан | |
облыстық мәслихатының | |
2019 жылғы 4 қазандағы | |
№ 37/4 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санатының тізбесі
1. Әрбір алушы үшін тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:
1) Тұрғын үй қарызы сомасынан 10 пайыз, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;
2) Тұрғын үй қарызы сомасының 10 пайызы, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі:
1) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттiк ұйымдарында еңбек қызметтерін жүзеге асыратын қажетті мамандар.