Солтүстік Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тамақтандыруға кететін шығынды өтеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 209 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 қарашада № 7624-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына, "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларының 5-тармағына, "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 тіркелді) бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының 17-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік мектепке дейінгі білім ұйымдарында, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған, жекеменшік мектепке дейінгі білім ұйымдарында төмендегі жекелеген санаттағы тәрбиеленушілерге тамақтану шығыстары толық көлемде өтелсін:

      1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      2) мүгедектігі бар балаларға;

      3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Г. Нурмухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады