Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2023 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7513-15 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Г. Нурмухамбетов |
2023 жылғы 14 желтоқсандағы | |
№ 255 қаулысына қосымша | |
Солтүстік Қазақстан | |
облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы "25" мамырдағы | |
№ 77 қаулысына 2-қосымша |
2023 жылға арналған пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі
№ | Облыстың атауы | Субсидиялар көлемі, теңге |
1 | Солтүстік Қазақстан облысы | 18 920 553 000 |
Барлығы | 18 920 553 000 |