"2023 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 35 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 252 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 желтоқсанда № 7652-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2023 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 35 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7457-15 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов

  2023 жылғы 14 желтоқсандағы
  № 252 қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2023 жылғы "28" наурыздағы
  № 35 қаулысына қосымша

2023 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі

Субсидияланатын тұқымдардың санаты

Бюджет қаражатының көлемі, теңге

Бірегей тұқымдар

47 704 282

Элиталық тұқымдар

656 499 655

Бірінші репродукция тұқымдары

308 864 072

Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

1 727 892 991

Барлығы

2 740 961 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады