Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудан әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 403 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 тамыздағы № 313 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 тамызда № 7570-15 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудан әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 403 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3522 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген қаулының 2 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қаулының 17 - қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың қоса берілген тәртібі бекітілсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау тәртібі көрсетілген қаулымен бекітілген, осы қаулыға 17 - қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Айыртау ауданының әкімі Е. Бекшенов

  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
  Қаулысына 1 қосымша

Галицино, Ақан – Сері, Уголки, Жұмысшы, Сартүбек, Шүкірлік, Ағынтай – Батыр, Лобаново ауылдарынан "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "№ 2 Саумалкөл мектеп – гимназиясының жанындағы интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

     


  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
  Қаулысына 2 қосымша

Ақан-Бұрлық ауылынан "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Ақан мектеп-балабақша-кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

     


  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
  Қаулысына 3 қосымша

Никольское ауылы, Николо-Бұрлұқ элеваторы, Янко станциясынан "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Аксеновка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
  Қаулысына 4 қосымша

Горный және Целинное ауылдарынан "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Арықбалық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

     


  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
  Қаулысына 5 қосымша

Корсаковка ауылынан "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Гусаковка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

     


  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
  Қаулысына 6 қосымша

Егінді Ағаш ауылынан "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Дауқара орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

     


  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
  Қаулысына 7 қосымша

Баян ауылынан Ағынтай Батыр ауылының "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Златогорка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды күнделікті жеткізу сызбасы

     


  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
  Қаулысына 8 қосымша

Верхний-Бұрлық, өнеркәсіптік комбинат ауылдарынан Имантау ауылының "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Имантау орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

     


  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
  Қаулысына 9 қосымша

Всеволодовка, Прекрасное, Никольск, Николо-Бурлукский элеватор ауылдарынан "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Казанка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

     


  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
  Қаулысына 10 қосымша

Заря ауылынан "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Лобаново орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

     


  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
  Қаулысына 11 қосымша

Алтын Бұлақ, Жақсы-Жалғызтау ауылдарынан "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Нижнебұрлық мектеп-бөбекжай-бақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

     


  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
  Қаулысына 12 қосымша

Береславка ауылынан "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Новосветловка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

     


  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
  Қаулысына 13 қосымша

Матвеевка ауылынан "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Константиновка мектеп-бөбекжай-бақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

     


  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
  Қаулысына 14 қосымша

Колесниковка, Айыртауское, Междуозерное, Шок-Қарағай ауылдарынан "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Елецкая орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

     


  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
  Қаулысына 15 қосымша

Сарыбұлақ, Шоқ-Қарағай, Сұлукөл ауылдарынан "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Сырымбет орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

     


  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
  Қаулысына 16 қосымша

Карловка, Петропавловка, Сарысай ауылдарынан "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Каменноброд орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне балаларды жеткізу сызбасы

     


  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 22 тамыздағы № 313
  Қаулысына 17 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі

      1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 - бабы 3 - тармағының 3 - 1) тармақшасына, "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2 - тарау. Тасымалдаушыларға және автокөлік құралдарына қойылатын талаптар

      1. Балаларды тасымалдау осы Тәртіп талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.

      2. Балаларды тасымалдау үшін мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:

      1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;

      2) автобустың жүргiзушiсi ретiнде кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;

      3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" № 534 бұйрығымен (құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) бекітілген, Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзбаған.

      3. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары "Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген, Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларымен (құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 болып тіркелген) белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.

      Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық нормативтерге және (немесе) техникалық регламенттерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжатының болуы, сондай-ақ мыналармен:

      1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс "Балаларды тасымалдау" деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;

      2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;

      3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);

      4) екi алғашқы көмек дәрi қобдишаларымен (автомобильдi);

      5) екi жылжуға қарсы тiректермен;

      6) авариялық тоқтау белгiсiмен.

      3 - тарау. Балаларды тасымалдау тәртібі

      1. Тәулiктiң жарық мезгiлiнде балаларды автобуспен тасымалдау фаралардың жақын қосылған жарығымен жүзеге асырылады.

      2. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.

      Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.

      Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс.

      Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.

      3. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға Тапсырыс берушi балаларды отырғызу және түсiру орындарының жай-күйiн тұрақты түрде (айына кемiнде бiр рет) тексередi.

      4. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне:

      1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;

      2) жүру маршрутын өзгертуге;

      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе жабдықтарды тасымалдауға;

      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;

      5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

      6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға рұқсат берілмейді.

      Балаларды тасымалдаған кезде жүргiзушi:

      1) автобус қозғалысының белгiленген маршрутынан ауытқымайды және белгiленген жылдамдық режимдерiн бұзбайды;

      2) қозғалыс барысында автобусты басқаруда алаңдамайды (сөйлеспейді, тамақ iшпейді, кабинада қатты музыка қоймайды);

      3) тасуға тыйым салынған нәрселердi, заттарды және материалдарды автобуста алып жүрмейді;

      4) топырақ жолдарға шығып кетпейді және олармен жүрмейді (балаларды ауылшаруашылық жұмыстарына және демалыс орындарына, сондай-ақ жолды жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргiзу кезiнде тасымалдаған жағдайдан басқа).

      5. Балаларды автобусқа отырғызу автобус толық тоқтағаннан кейін отырғызу алаңында еріп жүрушілердің басшылығымен және жүргізушінің бақылауымен жүргізіледі.

      6. Еріп жүрушілер автобусқа отырғызу және одан түсіру кезінде, автобус қозғалысы кезінде, аялдама кезінде балалар арасында тиісті тәртіпті қамтамасыз етеді.

4-тарау. Қорытынды

      1. Осы шалғайдағы Тәртіппен реттелмеген қатынастар қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады