Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Володар ауылдық округінің Саумалкөл ауылындағы Новая көшесінің бір бөлігін Желтоқсан көшесіне қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Володар ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 23 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 сәуірде № 7464-15 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылымы туралы" Заңының 14 – бабы 4) тармақшасына сәйкес, Саумалкөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 1 наурыздағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Володар ауылдық округінің Саумалкөл ауылындағы Новая көшесінің № 28 тұрғын үйден № 73 тұрғын үйге дейінгі бір бөлігі Желтоқсан көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Володар ауылдық округі әкімі Е. Касымгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады