"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ұялы ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 26 тамызындағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ұялы ауылдық округінің Ұялы ауылының көшелері қайта аталсын:
Советская көшесін Ахметжан Қазымбетов көшесіне;
Пролетарская көшесін Мағжан Жұмабаев көшесіне;
Маркин көшесін Қажым Мүсіпов көшесіне;
Ленин көшесін Ғаббас Тоғжанов көшесіне.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамың.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Г. Карбаев |