Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік -аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Боголюбово ауылы халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Куйбышев ауылдық округінің Боголюбово ауылындағы атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№1 атауы жоқ көшесіне – Шапағат көшесі;
№2 атауы жоқ көшесіне – Достық көшесі;
№3 атауы жоқ көшесіне – Бейбітшілік көшесі;
№4 атауы жоқ көшесіне – Мерей көшесі;
№5 атауы жоқ көшесіне – Талап көшесі;
№6 атауы жоқ көшесіне – Ғабит Мүсірепов көшесі;
№7 атауы жоқ көшесіне – Қызылжар көшесі;
№8 атауы жоқ көшесіне – Көктем көшесі;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Куйбышев ауылдық округінің әкімі |
Л. Викторович |