Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың 2023 жылға арналған ең аз мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2023 жылғы 14 шілдедегі № 53 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 18 шілдеде № 7558-15 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін есептеу Әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес кондоминиум объектісі және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстау (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20284 болып тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең аз мөлшері 2023 жылға айына бір шаршы метр үшін сомасы 26 (жиырма алты) теңге бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы
мәслихатының төрағасы
С. Бекшенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады