Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 қарашадағы № 87 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 қарашада № 7625-15 болып тіркелді.

      20.09.2024 редакциясында

      ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 28.11.2023 жарияланды

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 қарашадағы № 87 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 қарашада № 7625-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, "Әлеуметтік көмек өрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін (бұдан әрі-Қағидалар).

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3.  Алып тасталды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 20.09.2024 № 215/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы
мәслихатының төрағасы      С. Бекшенов

      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының
2023 жылғы 13 қарашадағы
№ 87 Шешіммен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 19.04.2024 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңы негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға "бір терезе" қағидаты бойынша беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда ұсынылатын көмек;

      4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      6) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      7) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін қала және ауылдық округ әкімдерінің шешімдерімен құрылатын арнаулы комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 20.09.2024 № 215/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аумағында тұрақты тіркелген және тұратын адамдарға таралады.

      4. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген әлеуметтік көмек осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек жылына 1 (бір) рет, ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) - 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш, 2024 жылғы 15 ақпан –Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күнінің 35-жылдығын мерекелеуге байланысты -50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (оның ішінде облыстық бюджет қаражаты есебінен 15 он бес айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер - 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш,2024 жылғы 15 ақпан –Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күнінің 35-жылдығын мерекелеуге байланысты - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (оның ішінде облыстық бюджет қаражаты есебінен 15 он бес айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi -2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш,2024 жылғы 15 ақпан –Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күнінің 35-жылдығын мерекелеуге байланысты - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (оның ішінде облыстық бюджет қаражаты есебінен 15 он бес айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi -2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш,2024 жылғы 15 ақпан –Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күнінің 35-жылдығын мерекелеуге байланысты - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (оның ішінде облыстық бюджет қаражаты есебінен 15 он бес айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер -2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш, 2024 жылғы 15 ақпан –Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күнінің 35-жылдығын мерекелеуге байланысты - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (оның ішінде облыстық бюджет қаражаты есебінен 15 он бес айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер -2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш,2024 жылғы 15 ақпан –Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күнінің 35-жылдығын мерекелеуге байланысты - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (оның ішінде облыстық бюджет қаражаты есебінен 15 он бес айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілер 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде тәжікстан-ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілер 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш.

      2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар- 10 (он) айлық есептік көрсеткіш;

      бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға-5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.

      3) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні:

      бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары -5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары -5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.

      4) 9 мамыр – Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi-1500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылыс жайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер-1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге;

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары-100 000 (жүз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдары-100 000 (жүз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдар-100 000 (жүз мың) теңге;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар-100 000 (жүз мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi-100 000 (жүз мың) теңге;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар-60 000 (алпыс мың) теңге;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар-100 000 (жүз мың) теңге;

      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары-100 000 (жүз мың) теңге;

      1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар-60 000 (алпыс мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасылары-60 000 (алпыс мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайы)- 30 000 (отыз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар-30 000 (отыз мың) теңге;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар-5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.

      5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіннен тікелей зардап шеккен және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар-15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi жағдайларда танылады:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;

      Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;

      қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, СКРО Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер халық комиссариаты - Мемлекет Қауiпсiздiгi министрлiгi - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi жөнiндегi комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы-15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар да танылады-15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;

      ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандыңынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары танылады-10 (он) айлық есептік көрсеткіш.

      6) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні:

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар-35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары-35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары-35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары-35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар-35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш.

      7) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

      Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) құрметті азаматтары-10 (он) айлық есептік көрсеткіш;

      Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері-10 (он) айлық есептік көрсеткіш;

      "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдар-10 (он) айлық есептік көрсеткіш.

      8) 6 желтоқсан – Тəуелсіздік күні:

      Қазақстанда 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, оларға қуғын-сүргін қолданылғанға дейін қазіргі Қазақстан Республикасының аумағын құрайтын аумақта тұрақты тұрған адамдар -200 000 (екі жүз мың) теңге.

      7. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына келесі негіздер бойынша жан басына шаққандағы орташа табыстары есепке алмай ұсынылады:

      1) азаматқа (отбасына) өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап өтініш көрсету мерзімі алты айдан кешіктірмей дүлей зілзаланың немесе өрттің салдарынан оларға не олардың мүлкіне зиян келтіргені бойынша - тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет жәрдемақы төленеді;

      2) әлеуметтік мәні бар аурулар болғанда:

      туберкулез ауруымен диспансерлiк есепте тұрған адамдарға ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      диспансерлiк есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде.

      8. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тұлғаның (отбасының) орташа табысы есепке алынып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспайтын жылына 1 (бір) рет келесі негіздер бойынша көрсетіледі:

      1) адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отырып, әрбір оқу семестрі үшін жеке оқыту құны мөлшерінде Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанының құнын төлеуде жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасыларға - 160 (жүз алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) жетімдік; ата-ана қамқорлығының болмауы; әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі; жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы; пробация қызметінің есебінде болуы - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) қатерлі ісікке шалдыққан адамдарға жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      9. Әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтардың табыстары есепке алынбай көрсетіледі:

      Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және Заңның 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға тіс протездеу ақысын төлеуге, бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, жылына 1 (бір) рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын;

      Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Заңның 8-бабында көрсетілген Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторийлерінде) санаторий-курорттық, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу-алдын алу мекемесінің ұсынымдарына сәйкес, санаторий-курорттық емдеу құны мөлшерінде, жылына 1 (бір) рет бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын санаторий-курорттық картадан үзінді көшірме ұсынумен;

      Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу шығындарын өтеуге жылына 1 рет 24 (жиырма төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      10. Адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларына сәйкес есептеледі.

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы орган белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.

      14. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған Үлгілік қағидалардың 12-тармағына сәйкес құжаттарды қоса береді.

      15. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған шешімге шағымдану тәртібі "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) айқындалған.

      16. Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына Тайынша ауданының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      17. Әлеуметтік көмек ақшалай түрде деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      18. Әлеуметтiк көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Тайынша ауданының шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      19. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылуға тиіс, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      20. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының
2023 жылғы 13 қарашадағы
№ 87 Шешіміне қосымша

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7104 болып тіркелген).

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 15 қаңтардағы №7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2021 жылғы 17 тамыздағы №78 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24194 болып тіркелген).

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 163 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27663 болып тіркелген).

      4. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2022 жылғы 3 қарашадағы № 238 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30477 болып тіркелген).

      5. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 14 шілдедегі № 54 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7557-15 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады