Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 15.11.2023 № 14-10 с (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді ораналастыру орындарындағы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы аумағында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 1 (бір) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы | М. Абдулов |