Атырау қаласындағы шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 6 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 сәуірде № 5001-06 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 20 желтоқсандағы 2023 жылғы № 72 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 20.12.2023 № 72 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарында Атырау қаласында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемері – болу құнының 5 (бес) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы Н. Құрман

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады