Атырау қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық және қаламаңы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы № 20 және Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 16 мамырдағы № 912 бірлескен қаулысы мен шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 мамырда № 5016-06 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13 - бабына сәйкес, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Келесі санаттағы азаматтарға қалалық және қаламаңы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру белгіленсін:

      1) Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      3) бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      4) "Алтын алқа", "Күміс алқа" наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағы алған көпбалалы аналар.

      2. Келесі санаттағы азаматтарға қалалық және қаламаңы қоғамдық көліктегі (таксиден басқа) тариф құнының 50% көлемінде жеңілдетілген жол жүру белгіленсін:

      1) жасы бойынша зейнеткерлерге;

      2) көп балалы аналарға (4 балалары бар);

      3) үшінші топ мүгедектігі бар адамдарға.

      3. Осы бірлескен Атырау қаласы әкімдігінің қаулысы мен Атырау қаласы Мәслихатының шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау қаласының әкімі М. Қалауи
      Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы Н.Құрман

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады