Жылыой аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 2-8 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 сәуірде № 5003-06 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жылыой аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Жылыой ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жылыой аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 19-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4126 болып тіркелген);

      2) "Жылыой ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жылыой аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 19-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16-11 шешімі.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Қ. Мыңбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады