Исатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Исатай аудандық мәслихатының "Исатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" 2019 жылғы 07 қарашадағы № 266-VІ шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4526 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Исатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы";
шешімнің 2-тармағы алынып тасталсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшадағы 5-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі."
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Н. Мусин |