Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Индер аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Индер аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 187-VI "Индер аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4108 болып тіркелген) және 2022 жылғы 23 ақпандағы № 89-VII "Индер аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Индер аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 187-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Индер аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | А. Рамазанов |