"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Мақат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 163-VI "Мақат аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4107 болып тіркелген) және 2022 жылғы 17 наурыздағы № 97-VII "Аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 163-VI "Мақат аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мақат аудандық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | А. Шангалаев |