"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түркістан облысы әкiмдiгiнiң кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | Д. Сатыбалды |
Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 109 қаулысына қосымша |
1. Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 247 "Түркістан облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5934 болып тіркелген).
2. Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 84 "Түркістан облысы әкімдігінің "Түркістан облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28024 болып тіркелген).
3. Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 240 "Түркістан облысы әкімдігінің "Түркістан облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 247 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31070 болып тіркелген).